Бизнес

Кәсіпорындар үшін подкастинг тұтынушылармен байланыс орнатып, брендті танытудың тамаша тәсілі.

БАҚ

Бұқаралық ақпарат құралдары үшін подкастинг аудиторияны кеңейтіп, қарым-қатынас орнату жолы.

Блогер

Блогерлер үшін подкастинг танымал медиа тұлғаға айналып, еңбек нарығында сұранысқа ие болу мүмкіндігі.

Оқу жоспары

ПОДКАСТ ИДЕЯСЫ

Подкастты қалай ойлап табуға болады? Подкасттың форматы мен жанрын таңдаймыз

ЖОСПАРЛАУ

Әңгіме құрастыру. Сіз не туралы подкаст бастайсыз? Дыбыстар арқылы әңгімелеу. Зерттеу. Сценарий жазу

СҰХБАТ

Сұхбат барысында қандай қателіктерді жасамаған жөн? Қонақты жан-жақты қырынан таныту. Тайм-кодты тиімді пайдалану

АУДИО ЖАЗУ/ӨҢДЕУ

Өз даусыңызды сапалы жазып, оны өңдеу. Дыбысты тазалап, дұрыстау. Қонақтарды қашықтан жазуға дайындау

ПОДКАСТТЫ ЖАРИЯЛАУ

Подкастты Apple Podcasts, Google Podcasts, Яндекс.Музыка сынды платформалар арқылы тарату

Курс түлектерінің пікірі

Play Video
Тегін онлайн-курстан мұндай жоғары сапаны күтпедім, күмәнім сабақ барысында сейілді.
Play Video
Егер сіздің подкаст жасаймын деген ниетіңіз болса, бұл курс сізге пайдалы болары сөзсіз.
Мерей Рашидқызы
Студент, «Подкастинг негіздері» курсының түлегі
Play Video
Осы онлайн-курстан подкаст жасау туралы 100% білім алып шықтым.
Play Video
Осы курс барысында көптен ойлап, бірақ бастай алмай жүрген подкастымды бастадым.

Курс авторы

Елдар Құдайбергенов

Кәсіби подкастер. Ең алғаш рет қазақстандық рок-музыка туралы подкастын 2008 жылы жасаған. Қазіргі таңда «Как учиться», «Осознанный отец», «QazPodcast Audio», «Елдардың аудиоблогы» подкасттарын жүргізеді. Сондай-ақ, «Қазақ радиоларының» подкаст платформасын ашып, жүргізіп келеді.

Сұрақ-жауап

Келгенде қандай! Оқуға жақсылап ден қойып, үй тапсырмасын уақытылы орындап отырсаңыз, өзіңіз қалаған нәтижеге қол жеткізесіз. Әрине, сіздің лайықты білім алуыңыз үшін курс авторы да аянып қалмайды.

Курс материалдарымен өзіңізге ыңғайлы уақытта таныса аласыз. Курс біткен соң, барлық сабақтар осы жерде сақталады. Бұл – сайтқа кез келген уақытта қайта кіріп, ұмытып қалған тақырыпты еске түсіруге болады. 

Ол өзіңізге байланысты. Орташа есеппен алғанда, біздің студенттер аптасына 3-5 сағаттан оқиды.

Курс авторымен жабық Telegram-чатында байланысып, сұрағыңызды қоя аласыз. Сонымен қатар әр сабақтың астында пікір қалдыруға да болады.

Бірінші модульде біз қазіргі нарықта қандай подкасттар бар, олардың түрлері мен форматтары туралы айтамыз. Осы сабақтар сізге өз подкастыңыздың идеясын табуға көмектеседі. Тек бір ғана тақырыпқа байланып қалам деп қорықпаңыз. Ұнамаған идеядан кез келген сәтте бас тартып, басқа бір подкаст бастауға болады. 

 

 

Ниет болса, бәрін де үйренуге болады. Осы курста дыбысты жазу жолдары мен оны жоғары сапада өңдеу туралы да айтылады. Әрине, сіз бір секундта осы саланың майталман маманы болып кетпессіз (оған уақыт пен тәжірибе қажет). Дегенмен, дәл қазір ең бастысы сіздің жасайтын алғашқы қадамыңыз болмақ. 

 

Подкаст тек қана сұхбат пен әңгіме жанрынан тұрмайды. Бір нәрсенің тарихын баяндайтын немесе монолог түріндегі подкасттар да бар. Сіз сұхбаттасу формасын таңдаған күннің өзінде бұл курс сізге сценарий жазып, қонаққа қалай сұрақ қоюды үйретеді. Сондықтан, алаңдауыңызға еш негіз жоқ. 

Бұған бола уайым жемеңіз! Әр адамның даусының өзіндік ерекшелігі бар. Сіздің подкастыңызды басқалардан айрықша ететін бірден-бір фактор – ол сіздің даусыңыз. Керексіз пауза мен басы артық сөздерді монтаж кезінде оп-оңай қиып тастай аласыз. Ал, сөйлеу мәнеріңіз уақыт өте келе түзеледі.

 

Интернетте кез келген ақпаратты оңай, тегін іздеп табуға болады. Мен подкастинг технологиясын ағылшын тіліндегі ашық, ақысыз ресурстардан меңгердім. Енді үйренгенімді ары қарай таратуды жөн көріп отырмын. Негізгі, осы сияқты базалық білім әрдайым тегін болуы керек деп есептеймін.