0 comments On

  • Пошумим кітабында : интервью, бір адамның сөйлеуі, бірнеше адам және фронтмен деп бөлінген еді.

  • Рақмет! Менің есімім – Маралбек. Курс авторына ұсынылған өнім үшін алғыс білдіремін. Басқа жандар үшін де пайдалы болады деп сенемін.

  • Ал бисмилла деп бастадым. Пайдалы боларына сенімдімін.

  • Аудиокітаптар подкастқа жата ма?

  • Сәлеметсіз ба, Елдар! Сабағыңызды оқуды енді бастадым. Осындай ана тілімізде өте түсінікті еңбегіңізге көп рахмет. Мен үнемі орысша ізденіп оқитын едім, Сіздің курсыңыз басталмай жатып түсінгенім, өз тілінде оқығанға ештеңе жетпейді екен. Ана тілінің құдіреті деген осы ғой.

  • Жақсы. Өте ұғынықты.рахмет.

  • Қайырлы кеш, Елдар!
    3 сабақ бойынша түсінгенім, жеке, дербес подкаст жасауға ұмтылған дұрыс, ия. Ал зерттеу жүргізу бойынша ағылшын тіліндегі атауын дұрыс ести алмадым. Мен ең алғашқы подкасты VK копирайтинг бойынша тыңдадым. Кейде Player FM нең Лайфхакер деген подкаст ұнайды. Себебі жеке дамуға қатысты өте қызықты, қысқа, маңызды ақпарат береді. Жиі тыңдамаймын. Сондай қазақ тілінде жасау ойыма келеді).

  • 1. Осы онлайн-курс сізге несімен ұнады? Оның басқа курстармен салыстырғандағы артықшылығы қандай?
    Бұл менің подкаст туралы қатысқан алғашқы курсым. Қаншама жылдан бері тек ойша подкаст жасап жүргенімде, осы курсты әлеуметтік желіде кездестіріп қалып “бұл знак” деп, бастап кеттім. Бастағаныммен, аяқтау, соңына дейін жеткізу, расымен қиынға соқты 🙂 Курстағы сабақтар қиындығы емес, ол өзіміздегі мәселе)
    Жалпы, курс өте қатты ұнады. Мен сияқты “шәйнектерге”, яғни подскастты енді бастаған/бастайтындарға барлығы соқырға таяқ ұстатқандай егжей-тегжейлі түсіндірген. Әр сабақтағы нұсқаулықты мұқият тыңдап отырып, соларды орындасаң, профи болып шығуға әбден болады екен.

    2. Бұл онлайн-курстан қандай кемшілік (тер) байқадыңыз? Сіздің ойыңызша оларды қалай жақсартуға болады?
    Бір ескеретіні, “подкаст маркетингі” және “подкастингтегі ақша” атты сабақтарды әлі де жетілдіру керек сияқты.

    3. Осы онлайн-курста алған білім, тәжірибе сіздің кәсіби біліктілігіңізге қалай әсер етті? Алған білімді қалай қолданбақсыз? Курс барысында қандай жетістіктерге қол жеткіздіңіз?
    Тек тәжірибеме емес, жалпы өзіме күшті әсер етті 🙂 Алған білімімді подскаст жасауға қолданамын. Басында бір саланң фанаты екенімді айтқан болатынмын. Подкастты подкаст сервистерінен бөлек, өзімнің жеке фан сайтыма орналастырып, болашақта басқа бағытта да байқап көргім келеді.
    Қандай жетістікке қол жеткіздім? Подкаст көптен ойлап жүрген сайтты ашуыма мұрындық болды. Одан бөлек, посдкастингті түсіндім. Ең бастысы, өзімнің кейәріптерді дұрыс айтпайтынымды білдім (осы жасқа дейін мән бермегенмін), сондай-ақ, ойлаған нәрсені соңына дейін жасасаң қолыңнан келетінін көрсетті. Себебі, ұзақ уақыт посдкаст деген алынбайтын қамалдай көрінген)
    Сабақтар үшін көп рахмет! Сәттілік! Дами беріңіздер!

  • Керемет! Біз үшін пайдайлы курс боларына сенемін. Подкаст жасайын деп жүрген мен үшін таптырмас мүмкіндік.

Leave a reply:

Site Footer